Ашу
Басты бет Бөлімдер Анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімі

Анестезиология-реаниматология және қарқынды терапия бөлімі

Анестезиология – реаниматология және қарқынды ем бөлімі 12 төсекке есептелген және заманауи аппараттармен жабдықталған. Бөлімше келесі қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген:

• Мультифильтрат;

• Дефибриллятор;

• Кардиомонитор;

• Электроотсос;

• наркозды – тыныс алу аппараты;

• КТГ;

• Бронхофиброскоп;

• өкпені жасанды желдету аппараты;

• қан газының анализаторы;

• плазмаферезге арналған “Гемофеникс” аппараты;

Бөлімше жоспарлы және шұғыл хирургиялық – анестезиологиялық оталар қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Дәрігерлер республиканың үздік ғылыми орталықтарында, сондай-ақ шетелде білім алған барлық қажетті білім мен дағдыларды меңгерген. Мейірбикелік персонал құрамында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, бірінші және жоғары санатты медбикелер.

Бөлім штат құрамында 40-тан астам білікті қызметкерлер бар. Бөлімшеде бірінші санатты 5 дәрігер бар. Анестезиологиялық қызмет жоғары хирургиялық белсенділікке байланысты тәулік бойы және күнделікті жұмыс істейді. Барлық заманауи наркоз түрі орындалады: эндотрахеальды, көк тамырдың ішіне, ми-жұлынды, эпидуральді.

Науқастарға кез-келген тыныс алу жетіспеушілігінде респираторлық қолдау көрсетіледі, гемодинамикалық параметрлеріне мониторинг жүргізіледі, тіршілікті қамтамасыз ету препараттары жеткілікті. Өз тәжірибесінде өмірлік маңызды функциялар қызметін қамтамасыз ету үшін ең алдыңғы қатарлы және заманауи әдістерді қолданады. Бөлімше қызметкерлері жіті тыныс алу, жүрек-тамырлық, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жарақаттық және геморрагиялық шок, ми мен жұлынның зақымдану салдарымен күресуді жақсы меңгерген.

Бөлім меңгерушісі – Асқар Айдарович Ауезбеков, бірінші санатты дәрігер анестезиолог-реаниматолог. Еңбек өтілі 24 жыл. Ерен еңбегі бағаланып, ана мен бала денсаулығына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының медицина саласының үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, денсаулық сақтау министрлігінен грамотамен марапатталды.

Айгуль Смагуловна Есимова – анестезиология-реаниматология және қарқынды ем бөлімінің аға мейірбикесі, жоғары санатты, еңбек өтілі 17 жыл.

Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер