Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық перинаталдық орталығында “Қазіргі мегаполисте перинаталдық және балаларға кардиохирургиялық көмекті ұйымдастыру” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференцияға басқарма басшысы Пазилов Сабит Бексеитович, ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбаевна, Қазақ-Ресей Медициналық Университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық ғылыми академиясының профессоры, РАМ академигі Бодыков Гани Жандиярович, ардагер дәрігерлер мен емхана дәрігерлері қатысты.
Шара барысында облыстық перинаталдық орталығында 50 жыл аянбай қызмет еткен неонатолог дәрігер – Сайфуллина Галина Закиевнаға облыс әкімі орынбасарының алғыс хаты мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы атынан адресат табысталып, құрметті еңбек демалысына шығарып салу рәсімі өтті. Сонымен қатар сыр өңірінің ана мен бала денсаулығы саласына зор еңбегі сіңген ардагер дәрігерлерді Ұлттық Медициналық Ассоциациясының төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияда Бодыков Гани Жандиярович “Мегаполисте перинаталдық көмекті жетілдіру” тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасары М.М. Мирзанова “Қызылорда облысында босану қызметін ұйымдастыру” тақырыбында баяндама жасады. Баяндамалар легін облыстық перинаталдық орталық бас дәрігері О.В. Ким “Облыстық перинаталдық орталық деңгейінде перинаталдық көмекті ұйымдастыру” тақырыбында тәмамдады. Сөз сөйлеушілердің баяндамалары бүгінгі күнгі өзекті акушерлік және гинекология, балалар кардиохирургиясы мәселелеріне қатысты болды.
Шара соңында өз кезегінде ардагер дәрігерлер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.