2024 жылғы 28 қаңтар күні пациент Н. жүктіліктің 27 аптасы мерзімінде оперативті жолмен салмағы – 570 гр, бойы – 32 см, алақанға сыйып қана кететін шақалақты дүниеге әкелді.
Өмір есігін ерте ашқан сәби ерекше күтімді, сапалы емдеуді, ұзақ уақыт бойы бақылауды қажет етті. Бөлім меңгерушісі Дауренбаева Лаура Асхаровна, неонатолог дәрігер – Аккаирова Меруерт Куанышбековна және Неонаталды блок бөлімінің қызметкерлері баланың жанын сақтап қалу үшін барын салды.
Ерекше күтімнің, білікті мамандардың, жоғары технологиялық құрал жабдықтардың арқасында аса ұқыптылықпен күтім жасалып, сапалы ем-дом жүргізілді. Бүгін, өмірге келгенінен 3 ай өткенде, яғни 93-ші тәулікте, салмағы – 2110,0 грамдық сәби аман-есен анасымен үйіне шығарылды.
Облыстық перинаталдық орталығында 2024 жылдың басынан бері 150-ге жуық сәби мерзімінен бұрын өмірге келді. Орталықта шала туған сәбилерді күтуге, бағуға, оңалтуға қажетті жабдықтардың бәрі бар. 500 – 600 грамдық шақалақтарға өмір сыйлау дәрігерлердің дәстүрлі ісіне айналды десе болады.
Сәби дүниеге келген сәттен бастап өмірі мен денсаулығы сеніп тапсырылатын АҚ ХАЛАТТЫ ӘРІПТЕСТЕРІМІЗДІҢ тынымсыз тірлігіне, ерен еңбегіне шын жүрегімізден алғысымызды білдіреміз!!
Кішкентай балапанға мықты денсаулық, ұзақ өмір тілейміз! Аман – есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!