Шала туған сәбилер үшін жүннен дайындалған тоқыма бұйымдар аса пайдалы. Мерзімінен бұрын дүниеге келген сәбилердің тыныс алу жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды, сондықтан, олар ұзақ ұйықтап кетеді. Сол кезде тоқыма бұйымдар нәрестенің денесіне әсер етіп, қозғалысқа бейімдеп тұрады. Көбінесе бас киім, шұлық және кеудеше пайдаланылады. Себебі, жаңа туған сәбидің басындағы жылу тез жоғалады және аяғы мен қолдарының ұшына келгенде қан айналымы салқындап, жүрмей қалады және организмі толық жетілмегендіктен қан айналымы әлсіз, ұйықтап кетсе оянуы қиын. Сондықтан, денесін жылытып әрі тоқыманың түгі денесін тітіркендіретіндіктен нәресте қозғалыста болады.
Қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталығы еріктілерден құрылған «28 ілмек» клубымен тығыз байланыс орнатылған. Бұл қайырымдылық ұйымы біздің орталықтағы шала туған нәрестелерді қажетті тоқыма бұйымдармен қамтуды дәстүрге айналдырған.
Бүгін шала туылған нәрестелерге тез сауығып шықсын деген тілекпен, кезекті дайын бұйымдарын орталыққа жеткізіп, таза жүннен тоқылған тоқыма киімдер мен ойыншықтарды табыс етті.
Құрметті «28 ілмек» клубы мүшелері! Сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз! Шала туған нәрестелеріміздің оңалуына Сіздердің де үлестеріңіз зор! Жасаған барлық жақсылықтар мен ісістеріңіз бірнеше есе жақсылықпен оралсын!