Ашу
Басты бет Жаңалықтар «БІР КҮНДІК КЛИНИКА» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«БІР КҮНДІК КЛИНИКА» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

26.07.2024
349

Ұрықты пренаталдық диагностикалық сапасын жақсарту, балалар арасында аурушаңдық пен мүгедектікті уақытылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен даму кемістігінен нәресте өлімін азайту мақсатында пренаталдық скрининг жүргізуді жетілдіру үшін Облыстық перинаталдық орталығының ұрықты қорғау орталығы базасында сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу, биохимиялық скрининг және генетикалық кеңес беруді қамтитын «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылды.

Бұл жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қызылорда облысы әкімдігінің, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының нәтижелі ынтымақтастығы арқасында жүзеге асырылады.

Орталықта жүкті әйелдерге ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жасалып, генетиктер мен акушер-гинекологтар кеңес береді. Ұрықтың инвазивті пренатальды диагностикасы жүргізіліп, даму патологиясы анықталған кезде, пренатальды консилиумда босану тактикасы анықталады. Сондай-ақ, орталықта ұрықтың анықталған ақауларын растау үшін УДЗ диагностикасының екінші деңгейі бар.

Ұрықты қорғау орталығы ультрадыбыстық және биохимиялық скрининг жүргізу үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Орталықтың негізгі бағыты — туа біткен патологиялармен күресу, ұрықтың қалыптасуына әсер ететін жағымсыз факторларды жою, туа біткен даму кемістіктер мен хромосомдық ауытқулар анықталған жағдайда жүктілікті ұзарту мәселесі, ұзартқан жағдайда жаңа туған нәрестеге уақытылы қажетті медициналық көмек көрсету. Генетика бөлімінде хромосомалық ауытқуларға пренатальды биохимиялық скрининг және тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларға неонатальды скрининг жүргізіледі.

Анықталған туа біткен патологиялармен жүктілікті одан әрі жүргізу немесе тоқтату тактикасы туралы мәселелерді шешу үшін ұрық патологиясының сипатына байланысты бейінді мамандарды тарта отырып, көпсалалы комиссия ұйымдастырылады. Комиссия отырысында отбасына анықталған аурудың барлық салдары, жүктілікті ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде баланың өміріне болжам жасалып және мүгедектік дәрежесі түсіндіріледі.

Бір күндік клиника жүкті әйелдерге бір күн ішінде барлық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Мұнда «осында және қазір» принципі маңызды рөл атқарады. Жүкті әйелдерге мемлекеттік тегін медициналық көмек аясында ең заманауи медициналық диагностика мен емдеу әдістерін ұсына алатынымызға сенімдіміз.

27.08.26

ОРТАЛЫҒЫМЫЗ «БЕДЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНА» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған республикалық кәсіби конкурс қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы «Беделді перзентхана» атағына ие болды….
27.08.26

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлы облыстық перинаталдық орталыққа арнайы барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен, медициналық қызмет көрсету сапасымен…
27.08.26

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

6 наурыз күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ана мен бала» облыстық перинаталдық орталығындағы жас аналар мен медицина қызметкерлерін Халықаралық әйелдер…
27.08.26

Дүниежүзілік пациенттердің қауіпсіздігі күніне орай ұйымдастырылған ACQH челленджі аясында Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы «Үздік дайындық және команданың қатысуы» номинациясы бойынша марапатталды.

Бұл жетістік – пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында бірлесе жұмыс атқарып жүрген кәсіби команданың жүйелі еңбегінің нәтижесі. Әріптестерімізді лайықты марапатпен…
27.08.26

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮКТІЛІК ДИАГНОСТИКАСЫНДА: ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚҚА ЖАҢА УДЗ ЖҮЙЕСІ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен жергілікті бюджет есебінен облыстық перинаталдық орталығына құны 146,5 млн теңгені құрайтын, қосымша жабдықтарымен бірге заманауи…
27.08.26

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызы облыстық перинаталдық орталығында болып, бөлімшелердің…
28.05.26

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының  «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК-ның құрылымдылық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі!

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау обьектісі болып Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК-ның құрылымдылық бөлімшелері және…
24.12.24

ҮЗДІК АКУШЕР БІЗДІҢ ОРТАЛЫҚТА

Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасындағы «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысы бойынша «Үздік акушер» номинациясында Енсепбаева Айгерім Қуантқанқызы…
18.12.24

ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ КӨМЕГІМЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Қызылорда облысының әкімдігі мен Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Облыстық перинаталдық орталыққа құны 19,5 млн. теңге болатын анестезиялық-тыныс алу аппараты…
21.11.24

РЕСЕЙЛІК МАМАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен 14-16 қараша аралығында, Облыстық перинатальдық орталығында Екатеринбург қаласынан келген ресейлік мамандардың қатысуымен халықаралық мастер-класс өтті.«Неонатолог…
31.10.24

Облыстық перинаталдық орталығы ұлттық аккредитациядан сәтті өтті

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы, ұлттық аккредитациядан сәтті өтіп, «Бірінші санат» дәрежесіне ие болғанымызды…
30.10.24

БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыстық перинаталдық орталығы жанынан құрылған байқау кеңесінің кезекті отырысы онлайн және оффлайн форматында өтті. Байқау кеңесіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының…
30.10.24

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«25 Қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесіне Достық үйiнде арналған медицина қызметкерлері арасында салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен…
24.10.24

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Бүгін Республика күніне орай Облыстық перинаталдық орталығында салтанатты жиын өтті. Іс-шарада ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Облыстық…
27.08.24

Дәрігерлер науқастан үлкен жатыр миомасын алып тастады

Қызылорда облысының 48 жастағы тұрғынында 18 см-ден үлкен миоматозды түйін емханада скрининг өту барысында ультрадыбыстық зерттеуі кезінде табылды. Әйелді бірнеше…
21.08.24

Мемлекеттік қызметтер

Облыстық перинаталдық орталығында «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру», «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік осы қызметтің екі түрі…
15.08.24

Күрделі ота жасалған нәресте анасымен үйіне шығарылды

Біздің кішкентай кейіпкерімізбен танысыңыздар! Әмина есімді нәресте 21 шілдеде дүниеге келген. Күрделі диагноз, диафрагматикалық грыжаға қарамастан неонатальды хирург Маханбетияров Болат…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер