Әрбір шаңырақтың шаттығын шалқытып, нәрестенің іңгәсі мен уіліне бөлейтін бүгінгінің кіндік шешелері – Халықаралық акушерлер күнімен барлық осы мамандықтың иелерін құттықтаймыз! Акушерлердің жұмысын бір сөзбен бағалау мүмкін емес. Олар әрбір ана мен баланың өмірі үшін қалтықсыз қызмет етіп, сол жолында өздерінің білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен жігер-күшін, ең бастысы мол мейірімін жұмсайды. Шыр етіп дүниеге келген әрбір шарана – олардың осы қажырлы еңбегінің жемісі. Біз әрбіріміз дүние дидарына келгеніміз үшін әуелі Аллаға, екінші Анамызға, үшінші кіндік шешемізге, ана мен бала өмірінің қорғаушысы – акушерге қарыздармыз.
Бүгінде 800 мыңнан асқан қызылордалықтар алдағы уақытта миллионға жететін болса, көгеніміздің көбюінде біздің Қызылорда облыстық денсаулық басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелердегі акушерлердің қосқан үлесі орасан. Барлық акушерлер бүгінгі Халықаралық мерекелерімен тағы да құттықтаймыз!