Облыстық перинаталдық орталығы жанынан құрылған байқау кеңесінің кезекті отырысы онлайн және офлайн форматында өтті. Оның жұмысына кеңес мүшелері түгелдей қатысты.
Күн тәртібінде перинаталдық орталықтың үстіміздегі жылда атқарылған жұмыстың көрсеткіштеріне талдау жасау, байқау кеңесінің келер 2024 жылға арналған даму жоспарын айқындау және тағы басқа өзекті мәселелер айтылды.
Отырыста көтерілген сұрақтар негізіге ала отырып, кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметін бекіту, ана мен бала денсаулығы саласын дамытуға үлес қосқан кәсіпорын қызметкерлерін ынталандыру, тариф мәселесін қайта қарау, мекеменің ағымдағы жылғы өзекті мәселелері сөз болды.
Байқау кеңесі отырысының қорытындысы бойынша ұсынылған есепті бекіту туралы бірауыздан шешім қабылданды және перинаталдық орталықтың көмек көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
Айта кету керек, көтерілген әрбір сұрақ байқау кеңесінің мүшелерімен талқыланып, әрқайсысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.


