17 қараша – Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні. Жалпы бұл күні әлемдегі барлық перинаталды орталық күлгін түспен жарықтандырылады. Бұл түс арнайы шала туған сәбилердің түсі ретінде таңдап алынған. Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы да бұл акцияға қосылмақ. Бұл акция – мерзімінен бұрын босану мәселесіне қоғамның назарын аудару үшін жасалынады.
Бұл күні тек перинаталдық орталықтар ғана емес, қалалардағы көптеген сәулет құрылыстарын күлгін түстермен жарықтандыру жобалары жүзеге асырылады (Астана қаласындағы Бәйтерек монументі, Хан Шатыр СҮ, Нью-Йорктегі империя штатының ғимараты және Стамбулдағы Босфор көпірі) және көптеген танымал адамдар мәселеге назар аудару үшін күлгін киім киеді.
Облыстық перинаталдық орталығының жарықтандыру жүйесі күлгін түске айналдыру жүзеге асырылды. Күлгін түске боялған – бұл жай ғана символ емес, қайырымдылық қорларына шала туылған нәрестелерге көмектесуге, сонымен қатар олардың ата-аналары қоғамның қолдауын сезіндіруге рөл ойнайтын маңызды оқиға.
#шалатуғаннәрестелеркүні
#балаларжылы