Бүгінгі таңда облыста коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі, күн сайын науқастардың өсуі байқалады. Әсіресе балалар ауруға шалдығып жатыр. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ақмарал Абылаева соңғы уақытта стационарға өте ауыр жағдайда балалар түсетінін атап өтті. Негізгі шағымдар: жөтел, ентігу, ауа жетіспеуі, дене температурасының жоғарылауы. Ата-аналар дәрігерді шақырудың орнына, сироптар мен суспензияларды қолдана отырып, өздері емдеп жүр. Бұл дәрілер, керісінше, ентігу мен ысылуды күшейтеді. Қабылдау кезінде дәрігерлер оттегі мен ингаляцияны қолдануға мәжбүр болады. – Балаларды емдеу ұзақ уақытқа созылады. Сондықтан біз ата-аналардан аурудың алғашқы белгісінде дереу дәрігермен кеңесуді сұраймыз! Сондай-ақ, мамандар ингаляциялық терапияны, бөлмелерді желдетуді, Д3 дәрумені қолдануды, консерванттарсыз, тәттілендіргіштерсіз, тұрақтандырғыштарсыз диетаны қолдануды талап етеді.
