Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында неонатальды көмекті қажет ететін нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ неонатология және неонаталдық хирургия бөлімінің меңгерушісі, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті неонатология кафедрасының доценті, PhD доктор Алтынбаева Гүлмира Бекназарқызы неонатолог дәрігерлермен кездесу өткізіп, тәжірибе алмасты.
Гүлмира Бекназарқызы нәрестелер жансақтау бөлімшесін аралап, жұмыстарымен танысып, ауыр жағдайдағы сәбилердің жағдайларын талқылады.
Экстремальды төмен және өте төмен салмақты нәрестелерді күтудің принциптері, ана сүтімен тамақтандыруды насихаттау және оны ұстану қағидаттарын ұстану туралы әңгіме қозғалды.







