8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Облыстық перинаталдығының ұжымында қызмет ететін қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.
Мекеме ұжымымен сұхбаттасу кезінде аймақ басшысы жаңа туған сәбиінің атын қоюды сұраған ана тілегін орындап, Алаш ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай балаға Мағжан деген есім берді.
Облыс әкімі орталықтағы жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесінің, перзентхана блогының және қарқынды терапия бөлімінің жұмысымен танысты.
320 орындық Облыстық перинаталдық орталығы 2014 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 713 қызметкер еңбек етуде. Өткен жылы мекеменің артық жүктемесін төмендету үшін жүктіліктің физиологиялық ағымы бар әйелдерді емдеуге арналған 50 төсектік қосымша ғимарат ашылды. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсектік перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратын салу жоспарлануда.