Ашу
Басты бет Жаңалықтар Облыстық перинаталдық орталығының 2021 жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиналысы.

Облыстық перинаталдық орталығының 2021 жылды қорытындылауға арналған есеп беру жиналысы.

16.02.2022
348

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Б. Пазиловтың және басқарма басшысының ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасары М. М. Мирзанованың қатысуымен 31 қаңтарда облыстық перинаталдық орталығында есеп беру жиналысы өтті. Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері О.В. Ким және бас дәрігердің орынбасарлары 2021 жылдың жұмысы бойынша есеп берді. Баяндамашылар атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға кеңінен тоқталып, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Б. Пазилов жалпы оң бағасын беріп, келесі жылғы жоспарға атқарылатын жұмыстарды енгізу туралы айтылды.

Айта кету керек, 2021 жылы Облыстық перинаталдық орталығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұсынған «Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және насихаттау» бағдарламасы бойынша 2021 жылдың наурыз айында ресертификациядан өтіп, «Балаларға мейірімді аурухана» мәртебесін алдық.

Қыркүйек айында Облыстық перинаталдық орталығы Ұлттық аккредитациядан сәтті өтіп, бірінші санатқа ие болды. Аккредитация перинаталдық орталықтың денсаулық сақтау мекемелеріндегі стандарттарға сәйкес жұмыс атқаратынын растады. Медициналық көмектің барлық құрамдас бөліктері бағаланды – материалдық қамтамасыз етуден, тікелей емдеу сапасынан қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтауына дейін. Комиссияның қорытындысы перинаталдық орталықта емделушілерге барлық белгіленген талаптарға сай сапалы қызмет көрсетілетінін көрсетеді. Бұл – бүкіл ұжымның, барлық бөлімше қызметкерлерінің, медицина қызметкерлерінің де, медициналық емес қызметкерлердің де еңбегі.

Облыстық перинаталдық орталығында 2021 жылы 12349 нәресте дүниеге келді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 693 нәрестеге көбірек. Оның ішінде 6332 (51,3%) – ер бала, 6017 (48,7 %) – қыз бала, оның ішінде 158 егіз және 1 үшем. 2020 жылмен салыстырғанда экстремальды аз салмақтағы нәрестелер мен өте аз салмақты нәрестелер өмір сүру деңгейі жоғарылап, сәби өлімі көрсеткіші төмендеді. Қазақстанның ДДҰ сәбидің тірі туу өлшемдерінің жаңа сатысына көшуімен 2008 жылдан бастап орталықта дене салмағы 500 грамнан басталатын жаңа туған нәрестелерді күту басталды. Осылайша, экстремальды аз салмақтағы нәрестелердің өмір сүру деңгейі биыл 26%-дан  50 % -ға жоғарылады. Ал, өте төмен салмақтағы нәрестелердің өмір сүру деңгейі биыл 81%-дан 86%-ға жоғарылады. Мамандарымыздың пікірінше, бұған ДДҰ-ның “Қауіпсіз ана болу”, “Ана сүтімен қоректендіруді қорғау, қолдау және насихаттау”, “Тиімді перинаталдық технологиялар” бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ медициналық персоналдың біліктілігін үздіксіз арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және медициналық жабдықты сатып алу арқасында қол жеткізілді.

31.10.24

Облыстық перинаталдық орталығы ұлттық аккредитациядан сәтті өтті

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы, ұлттық аккредитациядан сәтті өтіп, «Бірінші санат» дәрежесіне ие болғанымызды…
30.10.24

БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыстық перинаталдық орталығы жанынан құрылған байқау кеңесінің кезекті отырысы онлайн және оффлайн форматында өтті. Байқау кеңесіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының…
30.10.24

ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

«25 Қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесіне Достық үйiнде арналған медицина қызметкерлері арасында салтанатты шара ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен…
24.10.24

25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Бүгін Республика күніне орай Облыстық перинаталдық орталығында салтанатты жиын өтті. Іс-шарада ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Облыстық…
27.08.24

Дәрігерлер науқастан үлкен жатыр миомасын алып тастады

Қызылорда облысының 48 жастағы тұрғынында 18 см-ден үлкен миоматозды түйін емханада скрининг өту барысында ультрадыбыстық зерттеуі кезінде табылды. Әйелді бірнеше…
21.08.24

Мемлекеттік қызметтер

Облыстық перинаталдық орталығында «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру», «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік осы қызметтің екі түрі…
15.08.24

Күрделі ота жасалған нәресте анасымен үйіне шығарылды

Біздің кішкентай кейіпкерімізбен танысыңыздар! Әмина есімді нәресте 21 шілдеде дүниеге келген. Күрделі диагноз, диафрагматикалық грыжаға қарамастан неонатальды хирург Маханбетияров Болат…
26.07.24

«БІР КҮНДІК КЛИНИКА» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ұрықты пренаталдық диагностикалық сапасын жақсарту, балалар арасында аурушаңдық пен мүгедектікті уақытылы диагностикалау және алдын алу, ұрықтың туа біткен даму кемістігінен…
14.06.24

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні. Осыған орай облыстық перинаталдық орталығының мәжіліс залында мамандығына адал, тынбай қызмет етіп…
03.06.24

Неонатальды хирургия бөлімі ашылды

Облыстық перинаталдық орталығында ағымдағы жылдың 3 шілдесінен бастап 6 төсектік «Неонатальды хирургия» жаңа бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімше көпбейінді облыстық балалар…
30.04.24

ӨМІР ҮШІН КҮРЕСКЕН 570 ГРАММДЫҚ НӘРЕСТЕ АМАН-ЕСЕН ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ!

2024 жылғы 28 қаңтар күні пациент Н. жүктіліктің ​ 27 аптасы мерзімінде оперативті жолмен салмағы – 570 гр, бойы –…
30.04.24

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Түркия мемлекетінде тағылымдамадан өтті

Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған шаралардың бірі – ​ біліктілігін арттыру үшін мамандарды әлемдегі озық клиникаларға жолдау. Облыс әкiмiнiң қолдауымен,…
12.04.24

ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ МӘСКЕУ ҚАЛАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

1-5 сәуір аралығында Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері О.В. Ким, акушер-гинеколог дәрігер А. Т. Тұрахметова, неонатолог А.С. Тохпанова, анестезиолог-реаниматолог М.М….
21.03.24

ОБЛЫС ӘКІМІ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ҰЖЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Облыстық перинаталдық орталығына келіп, орталық ұжымына Облыс әкімінің құттықтау хатын…
20.03.24

Өз таңдауыңды жаса

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықты дамытуды насихаттауды…
16.01.24

2023 ЖЫЛДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың қорытындысына арналған жиналыс өтті. Жиынға Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі…
20.12.23

ЗАМАНАУИ АШЫҚ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ САТЫП АЛЫНДЫ

Облыстық перинаталдық орталығына жергілікті бюджет есебінен заманауи үлгідегі жаңа туған нәрестелерге арналған Т-тәрізді схемасы бар неонатальды ашық реанимациялық жүйе аппараттары…
20.12.23

ЖЕДЕЛ АКУШЕРЛІК ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ РЕСЕЙЛІК МАМАНДАРМЕН МАСТЕР-КЛАСС БОЛЫП ӨТТІ

13-15 желтоқсан аралығында Облыстық денсаулық сақтау басқарманың ұйымдастыруымен жергілікті қаражат есебінен «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК базасында акушер-гинеколог дәрігерлеріне арналған…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]