Облыстық перинаталдық орталығында «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты акушер – гинеколог дәрігер Тәжібаев Ерлан Сабырқұлұлы арнайы сыр өңіріне келіп, шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шара барысында бас дәрігер О.В. Ким келген қонаққа перинаталдық орталықтағы пациенттердің жағдайымен таныстырды. Ерлан Сабырқұлұлы 15 пациентке кеңес берді, оның 4-і анестезиология-реаниматология бөлімінен.
Мастер-класс аясында 2 операция жасалды: лапаротомия, метропластика және торлы протезбен лапароскопиялық промонтофиксация.
Ауыр жағдайларда, яғни акушерлік қан кету, жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдай және сепсис жағдайында жүктілікті басқару мәселелері талқыланды.