Облыстық перинаталдық орталығы ұжымы әз Наурыз мерекесін атап өтті. Мерекелік іс-шарада бас дәрігер Ким О. В. ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, бірнеше қызметкерлерді құрмет және алғыс грамоталарымен марапаттап, сыйлық табысталып, орталық қызметкерлеріне наурыз көже таратылды.
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!