Денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған шаралардың бірі – біліктілігін арттыру үшін мамандарды әлемдегі озық клиникаларға жолдау.
Облыс әкiмiнiң қолдауымен, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы бас консулы Аманқұл Нуриддиннiң елшілiгімен ағымдағы жылдың 15-27 сәуір аралығында Сыр өңiрiнiң 10 реаниматолог, 5 кардиолог дәрігерлерi “Memorial Sisli hastanesi” базасында өтетін 2 апталық тағылымдамадан өтуге Түркия мемлекетi Стамбул қаласына оқуға жiберiлген болатын.
Сыр өңірінің дәрігерлері арасында Облыстық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Дәулетбаева Перизат Дәулетбайқызы да «Анестезиология-реаниматология» бағыты бойынша тағылымдамадан өтті.
Дәріс барысында түрлі сырқаттар диагностикасы, емдеу шаралары, оңалту бойынша әлемдік тәжірибелер мен емдеудің озық үлгілерін үйреніп, арнайы халықаралық деңгейдегі сертификат алды.