Ашу
Басты бет Жаңалықтар ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

31.01.2023
118

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2022 жылдың қорытындысына арналған жиналыс өтті. Жиынға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова, ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Динара Сарманова, орталық бас дәрігері Олег Ким және оның орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, дәрігерлер мен аға акушерлер, аға мейіргерлер қатысты. Алдымен перинаталдық орталықтың бас дәрігері 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алға қойған міндеттер туралы айтты.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы облыс бойынша жүкті, босанушы, босанған әйелдерге, сонымен қатар, жаңа туған нәрестелерге жоғарғы деңгейде мамандандырылған медициналық көмек көрсететін өңірлендірудің ІІІ деңгейдегі босану орталығы. Бүгінгі таңда Қызылорда облыстық перинаталдық орталығы жалпы облыс бойынша 19765 босанудың 56,6 %-ын құрайтын, яғни жылына 11180 босану болатын ірі босандыратын медициналық ұйымдардың бірі. Мәселен, 12 ай ішінде 11322 нәресте дүниеге келсе, оның 5785 (51,1%) ұл бала, ал 5537 (48,9%) қыз бала. Олардың қатарында 172 егіз, ал үшем – 1. 2022 жылы экстремальды аз салмақтағы (500-999 грамм) 24 нәресте, ал өте аз салмақтағы (1000-1499 грамм) 71 нәресте үйлеріне аман-есен шығарылды.

2022 жылы орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңарып, бірнеше медициналық техника алынды. Олар: республикалық бюджет есебінен Тион ауаны зарарсыздандыруға арналған тазартқыш, HK-400 шприц сорғысы, қосымша құрылғылары бар жаңа туған нәрестелер үшін фототерапия шамы, жаңа туған нәрестелерге арналған Т-тәрізді схемасы бар неонатальды ашық реанимациялық жүйе, жергілікті бюджет есебінен BacT/ALERT 3D Combo қан құрамындағы микробактерияларды анықтайтын автоматты бактериологиялық анализаторы және демеушілер қолдауымен Видеоларингоскоп алынды. Бас дәрігер өз баяндамасында 2023 жылы перинаталдық орталықтың материалдық-техникалық базасын қосымша заманауи аппараттарымен толықтыру жоспарланғанын жеткізді.

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Олег Кимнің айтуынша штатпен қамтылу деңгейі: дәрігерлер – 92,1%, орта буын қызметкерлері – 100%. Дегенмен 5 дәрігерге деген сұраныс бар. Олар – 4 анестезиолог-реаниматолог және 1 клиникалық фармоколог. Былтыр 4 анестезиолог-реаниматолог дәрігер және 1 акушер-гинеколог дәрігер жұмысқа қабылданды. 4 анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің 1-еуі облыстық перинаталдық орталығының қаржысы есебінен, 1-еуі облыс әкімдігінің грантымен, қалған 2-еуі мемлекеттік грантпен оқып, резидентураны бітірген. Қазіргі таңда жас мамандар өз қызметін атқаруда.

Ауыр жағдайдағы жүкті, босанушы әйелдер түскен жағдайда шұғыл көмек көрсетіп, шешім қабылдау мақсатында мультидисциплинарлы кеңес құрамы басшымен бекітілді. Қосалқы репродуктивті технологиялар (ЭКҰ) кеңінен қолданылуынан және жүкті әйелдердің қайта ота жасау арқылы босануынан жыл сайын кесарь тілігі операциясы саны өсуде, мәселен былтырғы жылы 2021 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

Біліктіліктерін арттыру мақсатында 2022 жылы орталық дәрігерлері білімдерін шыңдап, алыс-жақын шет мемлекеттен келген дәрігерлермен тәжірибе алмасып, шеберлік сағаттарынан өтті. Түркия мемлекетінде жоғары санатты неонатолог дәрігеріміз Бакирова Айгерім Асанбекқызы Istanbul Medipol University базасында тәжірибе алмасты. Перинаталдық орталық бас дәрігерінің бұйрығына сәйкес анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер Алматы қаласы, «Акушерлік – гинекология және перинатология» ғылыми орталығында тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, «Акушерлік – гинекология және перинатология» ғылыми орталығының жоғарғы білікті акушер-гинекологы, профессор М.М. Нартаеваның, С. Д. Асфендияров атындағы ҚҰМУ кафедра меңгерушісі, профессор С.Ш. Исенова, медицина ғылымдарының докторы Қ. Б. Жубанышеваның, Республикалық ұлттық тренер Т.Ж. Толықбаевтың қатысуымен тәжірибе алмасу, оқу семинар курстары жүргізілді.

Облыстық перинаталдық орталығы ана мен бала денсаулығын қорғау жөнінде облыс көлеміндегі барлық емханалардың басты ұйымдастыру-әдістемелік орталығы болып табылады. Сонымен қатар, емхана, аудандық ауруханаларға перинаталдық орталық дәрігерлері куратор ретінде бекітілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы негізінде кураторлардың аудандарға іс-сапар жоспары жасалып, сапалы кураторлық жұмыстары жүргізілуде.

Басқарма басшысы орынбасары Мая Мирзанова облыс көлеміндегі аудан, қала мекемелерімен байланыс орнатып, перинаталдық орталық базасында мастер-класс, семинар, тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды, экстермальды аз салмақтағы шала туған нәрестелердің күтімі бойынша жұмыстарды күшейтіп, ана мен бала денсаулығын нығайту бағытындағы іс-шараларды жасақтауды тапсырды. Жұмыстарды күшейтіп, нақты әрі жүйелі қызмет көрсетуді жүктеді.

20.03.24

Өз таңдауыңды жаса

ҚР ДСМ «Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасында ағзалық донорлықты дамытуды насихаттауды…
16.01.24

2023 ЖЫЛДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың қорытындысына арналған жиналыс өтті. Жиынға Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі…
20.12.23

ЗАМАНАУИ АШЫҚ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ САТЫП АЛЫНДЫ

Облыстық перинаталдық орталығына жергілікті бюджет есебінен заманауи үлгідегі жаңа туған нәрестелерге арналған Т-тәрізді схемасы бар неонатальды ашық реанимациялық жүйе аппараттары…
20.12.23

ЖЕДЕЛ АКУШЕРЛІК ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША ЖЕТЕКШІ РЕСЕЙЛІК МАМАНДАРМЕН МАСТЕР-КЛАСС БОЛЫП ӨТТІ

13-15 желтоқсан аралығында Облыстық денсаулық сақтау басқарманың ұйымдастыруымен жергілікті қаражат есебінен «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК базасында акушер-гинеколог дәрігерлеріне арналған…
04.12.23

БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыстық перинаталдық орталығы жанынан құрылған байқау кеңесінің кезекті отырысы онлайн және офлайн форматында өтті. Оның жұмысына кеңес мүшелері түгелдей қатысты….
12.10.23

ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қошқарбаевтар әулетінде үлкен қуаныш, дүбірлі той! 15 қыркүйек күні Облыстық перинаталдық орталығында қала тұрғыны, 30 жастағы Алтынай Байназарова үшем дүниеге…
26.06.23

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Облыстық перинаталдық орталығында «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты акушер – гинеколог…
12.06.23

НЕОНАТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында неонатальды ​көмекті қажет ететін нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында «Педиатрия және балалар хирургиясы…
01.06.23

1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ❗️1414❗️ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек…
01.06.23

ДЕНІ САУ БАЛА – БАҚЫТТЫ АНА

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Облыстық перинаталдық орталығы қызметкерлері перинаталдық орталықта ұзақ уақыт ем алған нәрестелердің қазіргі…
31.05.23

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АНОНС

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққ тәуекелдеріне ішкі талдау…
25.05.23

900 ГРАММДЫҚ НӘРЕСТЕ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

28 наурыз күні​ 900 грамм болып дүниеге келген нәресте бүгін​ анасымен үйіне аман-есен шығарылды. 28 наурыз күні Қызылорда қаласының 22…
07.03.23

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚ ХАЛАТТЫ НӘЗІК ЖАНДАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Облыстық перинаталдығының ұжымында қызмет ететін қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Мекеме…
19.12.22

Қызылордада перинаталдық және балаларға кардиохирургиялық көмекті ұйымдастыру бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

    Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық перинаталдық орталығында “Қазіргі мегаполисте перинаталдық және балаларға кардиохирургиялық көмекті ұйымдастыру” тақырыбында ғылыми-тәжірибелік…
17.11.22

Бүгін әлемдегі перинаталды орталықтар күлгін түспен жарықтандырылады

17 қараша – Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні. Жалпы бұл күні әлемдегі барлық перинаталды орталық күлгін түспен жарықтандырылады. Бұл түс…
17.11.22

«АШЫҚ ЕСIК КҮНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 Бүгін облыстық перинаталдық орталығында «Балалар жылы» және «17 қараша – шала туған нәрестелер күніне» орай, балалар арасында аурушаңдықты азайту мақсатында…
01.10.22

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРI ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ

30 қыркүйек күні Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әкім Нұрлыбек Нәлібаевпен бірлесіп 200 төсектік облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.
23.06.22

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, 17 маусым күні Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында ​ салтанатты шара өтті. ​ Мыңдаған нәрестелердің жарық…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер