Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы, ұлттық аккредитациядан сәтті өтіп, «Бірінші санат» дәрежесіне ие болғанымызды қуанышпен хабарлаймыз! Бұл мәртебе — біздің кәсіби шеберлігіміз бен сапалы қызметіміздің айғағы.
Бұл жетістікке бірге жеткен әріптестерімізге, қолдау білдірген серіктестерімізге және біздің қызметімізге сенім артқан әрбір пациентке алғысымыз шексіз. Біз сіздерге сапалы әрі сенімді медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз.
Алда жаңа биіктерге жетіп, сіздердің денсаулықтарыңыз үшін қызмет ету жолында аянбай еңбек ете береміз!