1-5 сәуір аралығында Облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері О.В. Ким, акушер-гинеколог дәрігер А. Т. Тұрахметова, неонатолог А.С. Тохпанова, анестезиолог-реаниматолог М.М. Еспенбетова, бас мейіргер Қ. Ж. Бегімова Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласының Л.А. Ворохобов атындағы «№ 67 қалалық клиникалық ауруханасының» перинаталдық орталығы клиникалық академиялық базасында білімдерін шыңдады.
«Организация работы перинатального центра. Лучшие практики» тақырыбында өткізілген оқу курсы мультидиспицлинарлық топтың жұмысын жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-сапар барысында дәрігерлер акушерлік-гинекология, неонатология, анестезиология-реаниматология бағыттарындағы алдыңғы қатарлы диагностикалық және емдеу әдістерімен танысып, тәжірибелік дағдыларын шыңдайтын шеберлік сағаттары мен тренингтерге қатысып, Ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Бұл іс-шара Пациенттерімізге медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға, орталықтың жұмысына емдеу мен диагностиканың жаңа әдістерін енгізетініне сенімдіміз.