«25 Қазан – Республика күні» Ұлттық мерекесіне Достық үйiнде арналған медицина қызметкерлері арасында салтанатты шара ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен ашылған мерекелік шарада алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы медицина қызметкерлерін ұлық мерекемен құттықтап, сала мамандарына марапат табыс етті. Одан соң аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы марапаттар легiн жалғастырды.
Шарада Облыстық перинаталдық орталығының келесі мамандары марапатталды:
⚜️ Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен неонатолог дәрігер Тохпанова Айгуль Серикбековна,
⚜️ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» – төбелгісімен рентгенолог дәрігер Адырбаев Эльдар Маликович,
⚜️ Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен акушер Енсепбаева Айгерім Қуантқанқызы марапатталды.