Ашу
Басты бет Жаңалықтар ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ҮШЕМДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

12.10.2023
11

Қошқарбаевтар әулетінде үлкен қуаныш, дүбірлі той! 15 қыркүйек күні Облыстық перинаталдық орталығында қала тұрғыны, 30 жастағы Алтынай Байназарова үшем дүниеге әкелді. Жүктіліктің 34-аптасында дүниеге келген нәрестелер, биыл жарық дүниеге есігін ашқан 2-нші үшемдер.
       Бұл Алтынай Байназарованың табиғи жолмен көтерген екінші босануы болатын. Шақалақтар 2180, 2090, 1390 грамм болып туылған. Үшеуі де қыз жынысты. Ата-әжелері немерелеріне Әмина, Медина, Ясина деген есімдер берді.
       Отағасы Сағындық Култаев пен Алтынай Байназарованың отбасында үшемнен бөлек Рахымжан есімді 4 жастағы ұлы бар. Сағындық қаржы саласында банк қызметкері болып жұмыс істейді.
       Шақалақтар 1 ай бойы перинаталдық орталықтың нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы бөлімшесінде ем қабылдап, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
     «Ана мен бала орталығының босандыру бөлімшесіне, операция жасайтын және емдеуші дәрігерлеріне зор алғысымды білдіремін. Осындай орталықтарда қолайлы жағдай жасағандары, заманауи жабдықтардың болуы, білікті мамандардың жоғары кәсібилігі үшін рахмет. Сіздердің арқаңызда біздің сәбилер толыққанды өмір сүру мүмкіндігін иеленуде»,- деп анасы алғысын білдірді.
      Жыл басынан бері Облыстық перинаталдық орталығында 8339 нәресте дүниеге келсе, соның ішінде 120 егіз, үшемдер – 2.
     Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!

04.12.23

БАЙҚАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Облыстық перинаталдық орталығы жанынан құрылған байқау кеңесінің кезекті отырысы онлайн және офлайн форматында өтті. Оның жұмысына кеңес мүшелері түгелдей қатысты….
26.06.23

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Облыстық перинаталдық орталығында «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты акушер – гинеколог…
12.06.23

НЕОНАТОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында неонатальды ​көмекті қажет ететін нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жақсарту мақсатында «Педиатрия және балалар хирургиясы…
01.06.23

1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР ❗️1414❗️ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ

1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек…
01.06.23

ДЕНІ САУ БАЛА – БАҚЫТТЫ АНА

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Облыстық перинаталдық орталығы қызметкерлері перинаталдық орталықта ұзақ уақыт ем алған нәрестелердің қазіргі…
31.05.23

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АНОНС

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққ тәуекелдеріне ішкі талдау…
25.05.23

900 ГРАММДЫҚ НӘРЕСТЕ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

28 наурыз күні​ 900 грамм болып дүниеге келген нәресте бүгін​ анасымен үйіне аман-есен шығарылды. 28 наурыз күні Қызылорда қаласының 22…
07.03.23

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚ ХАЛАТТЫ НӘЗІК ЖАНДАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Облыстық перинаталдығының ұжымында қызмет ететін қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Мекеме…
31.01.23

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында 2022 жылдың қорытындысына арналған жиналыс өтті. Жиынға Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала…
19.12.22

Қызылордада перинаталдық және балаларға кардиохирургиялық көмекті ұйымдастыру бойынша ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

    Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен облыстық перинаталдық орталығында «Қазіргі мегаполисте перинаталдық және балаларға кардиохирургиялық көмекті ұйымдастыру» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік…
17.11.22

Бүгін әлемдегі перинаталды орталықтар күлгін түспен жарықтандырылады

17 қараша – Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күні. Жалпы бұл күні әлемдегі барлық перинаталды орталық күлгін түспен жарықтандырылады. Бұл түс…
17.11.22

«АШЫҚ ЕСIК КҮНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 Бүгін облыстық перинаталдық орталығында «Балалар жылы» және «17 қараша – шала туған нәрестелер күніне» орай, балалар арасында аурушаңдықты азайту мақсатында…
01.10.22

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРI ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН КӨРДІ

30 қыркүйек күні Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният әкім Нұрлыбек Нәлібаевпен бірлесіп 200 төсектік облыстық перинаталдық орталықтың жұмысымен танысты.
23.06.22

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, 17 маусым күні Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында ​ салтанатты шара өтті. ​ Мыңдаған нәрестелердің жарық…
23.06.22

Абдыгалиева Гаухар Жолдасбековна

15 маусым күні медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек…
22.06.22

«Үздік акушер» Ағатаева Данагүл Әбдуалиқызы

15 маусым күні медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрында салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек…
07.05.22

5 мамыр – Халықаралық акушерлер күні

Әрбір шаңырақтың шаттығын шалқытып, нәрестенің іңгәсі мен уіліне бөлейтін бүгінгінің кіндік шешелері – Халықаралық акушерлер күнімен барлық осы мамандықтың иелерін…
26.04.22

2022 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШЕМІ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

22 сәуір күні облыстық перинаталдық орталығында 2022 жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. 34 жастағы Сырдария ауданы, Қалжан-Ахун ауылының тұрғыны Абдығаппарова…
Директорға сұрақ қойыңыз
* - Талап етілетін өрістер